Жамбыл облысында баланың құдыққа құлап кетуіне қатысты тергеу жүруде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында екі жасар баланың құдыққа құлап кетуіне қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , Меркі ауданы Сұрат ауылында ашық тұрған құдыққа екі жасар қыз бала құлап кетіп, мерт болды. Сәбидің денесін ата-анасы алып шыққан.

Меркі аудандық ішкі істер бөлімінен мәлім еткендей, балдырған үлкендердің қарауынсыз көрші үйдің балаларымен ойнауға кетіп, үйдің жанында орналасқан өрт гидрантының жартылай ашық тұрған құдығына құлап кеткен. Құдық бетіне дейін суға толы болған.

Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ахатқан Әбдезовтің айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның барысында тергеу қайғылы оқиғаға алып келген себептерді анықтайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар