Жамбыл облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жоспарланған уақытынан ерте басталды - ККМ

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 1 сәуірде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының Жамбыл облысы бойынша бас мердігерлердің бірі болып табылатын «Қазақжолқұрылыс» ЖШС Тараз - Қордай автожолының 404 - 443 км учаскесінде цемент-бетон жамылғысын төсеуге кірісті.

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жоспарланған уақытынан ерте басталды - ККМ

ҚР ККМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайлы болуы мен қажетті мөлшерде материалдардың әзірленіп, техниканың жұмылдырылуы құрылыс жұмыстарын бір ай бұрын бастауға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда «Қазақжолқұрылыс» компаниясы 5 миллиард теңгеден артық қаржы меңгерді. Құрылыс жұмыстарына 580 адам тартылды, олардың 363-і жергілікті тұрғындар. 134 жол-құрылыс техникасы мен 165 автокөлік жұмылдырылды.