Жамбыл облысында Бетпақдала мемлекеттік табиғи қорығы құрылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысына қарасты Сарысу мен Мойынқұм аудандарының аумағында жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қорғы құрылмақ. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімінің тиісті қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сарысу және Мойынқұм аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қорығын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің шекаралары шегінде жалпы алаңы 1 415 861 гектар жер учаскесі пайдалану құқығына шектеу белгiленбей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын», - делінген қаулыда.
Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.