Жамбыл облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 16 жасар қыз табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 24 сәуір күні жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 16 жасар қыз табылды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылында тұратын 9-сынып оқушысы Ақлима Қабанбай 24 сәуір күні таңертең ерте, бәрі тегіс ұйықтап жатқан уақытта үйден қашып кеткен. Қайда кеткенін ешкім білмеген. Оның ата-анасының айтуынша, қыз бала туабітті неврологиялық дертпен ауыратын болған.

Осыдан соң оқушы қыздың жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы тәртіп сақшыларына шағым түсірген.

Криминалдық полиция басқармасынан мәлім еткендей, Ақлима Қабанбай Тараз қаласынан құрбыларының үйінде жасырынып жүрген жерінен табылған.