Жамбыл облысында битум құйылған цистернаға екі жігіт батып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Тараз маңындағы Үшбұлақ стансасында орналасқан «Арсико Строй Инвест» ЖШС асфальт-бетон зауытында орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысында битум құйылған цистернаға екі жігіт батып кетті

Белгісіз себептермен битум болған цистернаға екі ер адам құлап түскен. Біреуі - 23, ал екіншісі - 21 жаста. Олар оқиға орнында қаза тапты.

Жамбыл облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі адамның мәйітін алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ер адамдардың мерт болуы жағдайының себептері анықталып жатыр, деді Жамбыл облыстық ТЖД.