Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін - 26 сәуірдегі ауа райы болжамы

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыздығы күтілуде - жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетуі, желдің күшеюі, кейбір жерлерде найзағай ойнап, тұман түсуі, бұршақ жаууы мүмкін.
None
None

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-23 м/с-ке жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Таяудағы тәуліктерде Шығыс Қазақстан облысының көптеген өзендерінде (Бұқтарма, Обь, Үлбі, Ақөзен, т.б.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан судың мол келуінен өзен деңгейі көтерілуі жалғасады.

Республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы тау өзендерінде су деңгейі құбылуы байқалады. Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан су келуі ұлғаяды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстанда су тасқыны болатыны ескертілді. Толығырақ - мына жерде .

Соңғы жаңалықтар