Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

«Ол қарамағындағы қызметкерден оны департамент бастығының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдем көрсету үшін алынған 2 млн теңге сомасындағы параны лауазымды тұлғаларға беруге итермелеу және алаяқтық күдігі бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тергелуде. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.