Жамбыл облысында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Жамбыл облысында ақпараттық жұмыстар жүргізді. Топ құрамында министрлік сарапшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, теологтар мен дінтанушылар болды.
Жиын барысында дәріскерлер діндегі рухани-адамгершілік мәселелерін, экстремистік топтар мен деструктивті діни бірлестіктерге қарсы түсіндіру жұмыстарын, дәстүрлі исламның қағидаларын насихаттау, дін атын жамылған ағымдар мен радикалды идеялардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Сарапшылардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобының жиынына Тараз қаласының және аудандардың тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, діни ұйымдардың өкілдері, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де спортшылар қатысты.