Жамбыл облысында екі адам өртенген көліктің ішінде жанып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Алматы - Бішкек тас жолының Жамбыл учаскесінде тағы бір жол оқиғасы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

Қордай асуының маңында 26 ақпан күні таңертеңгі 8-де жеңіл көлік жанып кетті.
Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, көліктің ішінде екі адам болған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Көліктің өртенуі басқа автомобильмен соқтығысу салдарынан болуы мүмкін.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерге тарап жатыр. Видеоны жолдағы адамдар түсірген.
«Барлығына тар жолдар кінәлі, ол жерде көлік ағыны жоғары, өте қауіпті!» деп жазады желі қолданушылар.
Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлері «ҚазАқпарат» тілшісіне жауап беріп, тас жолда екі адамның мерт болғанын растады. Алайда оқиғаның себеп-салдары әлі айтылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар