Жамбыл облысында есірткі мен ішімдікке тәуелді 9 бала есепте тұр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Жамбыл облысында сәби өлімі азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында есірткі мен ішімдікке тәуелді 9 бала есепте тұр

2022 жылы облыс бойынша 345 071 бала профилактикалық тексеруден өткен, оның ішінде Тараз қаласында - 105 223, аудандарда – 239 848.

Жыл қорытындысында облыс бойынша кәсіби тексеру жоспары 99,6% орындалды.

Қаралғандар арасында 25 739 адам немесе 9,9% науқас бала анықталған.

25 739 баланың 11255-і диспансерлік есепке алынды, үлесі - 43,7%.

Есепке алынған балаларды сауықтыру әрбір баланың тіркелген жері бойынша МСАК-та жүргізіледі.

Наркологиялық есепте тұрған психоактивті заттарды тұтынушы 15-17 жас аралығындағы балалар саны - 9.

Оның ішінде алкоголь тұтынатын 8 және анаша қолданатын бір бала бар.