Жамбыл облысында қант қызылшасы алқабының көлемін 6 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қант қызылшасы алқабының көлемін 6 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов хабарлады.
None
None

«Биылғы жылы қант қызылшасының көлемін 6,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Үстіміздегі жылы облыс көлемінде орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының айналымдық қаражатының жоғын ескере отырып, қант қызылшасы дақылына қажетті тұқымды сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлінді. Осыған байланысты ОртаАзиялық қант корпорациясымен келіссөздер жүргізіліп, соның нәтижесінде бүгінгі күнге барлығы 6,0 мың гектарға қажетті 9 мың себу бірлігіне өтініш берілді. Қант зауыттарынан алынған тұқымның құнына ауылшаруашылық тауар өндірішулеріне болашақтағы өнімінен есеп айырысады. Бұдан басқа Меркі ауданында 157,5 және Шу ауданында 316,5 себу бірлігін құрайтын қант қызылшасының тұқымы қолда бар»- деді Н.Нұржігітов.

Облыс бойынша қант қызылшасы дақылының агротехникалық іс-шараларын атқаратын 244 ауыл шаруашылығы техникасы бар. Осы аталған техникалар егіс науқанына жетіспейді. Сондықтан облыстық бюджеттен техникаларды сатып алуға 200 000 мың теңге қаржы бөлінді.

«Бұдан бөлек, Шу және Қордай аудандары «Меркі қант зауыты» ЖШС-нан шалғай орналасуына байланысты, «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, соның нәтижесінде тасымалдауға кететін шығындарының бір бөлігін қант зауыттары сатып алу құнына қосып төлеу үшін келісім сөздер жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінгі күнге қант зауыттары және Ауыл шаруашылығы министрлігімен қант қызылшасының сатып алу бағасына берілетін субсидиялау көлемін арттыру туралы келісім жұмыстары жүргізілуде»,- деп айтты Нұржан Молдиярұлы.

Соңғы жаңалықтар