Жамбыл облысында қант қызылшасын егу екі есеге ұлғайтады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 2017 жылы жамбылдық дихандар қызылша егуді екі есеге ұлғайтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облысында қант қызылшасын егу екі есеге ұлғайтады

Өткен жылы қызылша шаруашылығында көп жылдан бері алғаш рет өнімді болды. Орташа өнімділік гектарынан 251,1 центнерді құрады. Тамшылатып және  жаңбырлатып суарту технологиясын қолданып, шаруа қожалықтары жоғары өнімділікке қол жеткізді (гектардан 700 центнерге дейін).

2016 жылы барлығы 5,5 тың гектардан астам қызылша егілді, жалпы жиын 138 мың тоннадан астамды құрады. Жамбыл облысыдағы қант өңдеу зауытына 101 мың тоннасы тапсырылды.

Әкімдікте атап өткендей, 2016 жылы қызылша шаруашылығына бюджеттен 420 млн теңге бөлінді, оның 220 миллионы «Авантаж» гибридті сұрыпты қант қызылшасының француздық тұқымын сатып алуға жұмсалды, 200 миллионы  егістікті өңдеуге 38 бірлік техника сатып алуға кетті. Дақылдарды субсидиялауға, қорғалған топырақта дақылдарды өсіру, басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар шығыстары бағдарламасы бойынша 359 млн теңге субсидия бөлінді. Бұдан басқа, тауар өндірушілердің тұқым сатып алу үшін  жұмсаған  93 млн теңге - 70 пайыз шығыстың орны толтырылды.

Биыл жамбыл аграршылары 10 мың га қызылша егуді жоспарлауда.