Жамбыл облысында қатты жел пойыздар қозғалысына кедергі жасады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Теміржолдың Жамбыл бөлімшесінде электр энергиясы өшіп қалуы тіркелді, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Мойынқұм ауданында № 6 бекет Хантау - Қияқты жылдамдықпен өту межесінің аралығының 1433 шақырымда жел жылдамдығының 10 м/с - 15 м/с жетуі салдарынан теміржолдың Жамбыл бөлімшесіне тиесілі 7 электр бағанасына зақым келді. Салдарынан Хантау және Қияқты стансалары арасында электр энергиясы өшіп, сол себепті №55 «Қызылорда-Көкшетау» және №303 «Свердловск-Алматы» жолаушылар пойыздары кешіктірілді», делінген хабарламада.
Қазір электр энергиясы беріліп, екі бағыттағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілген.
Ал, басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.