Жамбыл облысында көктайғаққа байланысты жол учаскесі жабылды
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райы жағдайының бұзылуына (көктайғақ) байланысты
бүгін, сағат 12.00-ден бастап Жамбыл облысында Қордай аудандық Жол полициясы басқармасының «Отар» бекетінен және Мойынқұм ауданының Ақсүйек кентінен бастап Алматы облысына қарай шығатын жолдар жабылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.