Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған бір де бір адам жоқ - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адамдар жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырды деп күдікке ілінген адамдар жоқ. Жамбыл облысына Оңтүстік Кореядан 150 адам келді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - дейді комитеттен.

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының келуіне және таралуына қарсы барлық шаралар қабылданып отыр. Медициналық ұйымдар сақадай сай дайын және күн сайын облысқа шетелден келген әрбір адамға мониторинг жасалады.

Аталмыш комитет азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырады және өтірік мәлімет таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

«Әлеуметтік желіде тараған сенімсіз ақпараттарға алданбай, тек қана ресми ақпарат көзіне сенуге шақырамыз. Бүкіл сенімді ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып отырады», - деп мәлім етті комитет.


Соңғы жаңалықтар