Жамбыл облысында күшті жел соғып, тұман түседі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысына ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында күшті жел соғып, тұман түседі

21 наурызда Жамбыл облысының кей жерлерінде, сондай-ақ Тараз қаласында оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады.

Жел екпіні таңертең және күндіз 23-28 м/с дейін жетеді .

Кей жерлерде тұман түседі.