Жамбыл облысында мас күйінде 51 адамды тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жол полициясы инспекторлары мас күйінде 51 адамды тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысында мас күйінде 51 адамды тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды

Ағымдағы жылғы тамыздың 5-інде, сәрсенбі күні 06-50 сағат шамасында Алматы - Ташкент автожолының 215 км Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағында жол полициясы қызметкерлері «Сетра» маркалы автобусты мас күйінде басқарған, 40 жастағы жүргізуші ұсталды. Автобустың қозғалыс бағыты «ОҚО, Сарыағаш - Алматы», автобус салонында 51 жолаушы болды.

Автобус жүргізушінің құжаттары әкімшілік сотқа тапсырылады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабына сәйкес «Жүргізушінің мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін» жүргізуші куәлігінен 2 жыл мерзімге дейін айыру көзделеді.