Жамбыл облысында медициналық анықтамалар «OLX» арқылы сатылған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «OLX» жарнама сайтында жарияланған хабарландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексерулерге себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында медициналық анықтамалар «OLX» арқылы сатылған

Ведомстводан хабарлағадай, сайттардың біріне жүргізілген тексеру барысында медициналық анықтамаларды сату туралы ұсыныстар табылған. Атап айтқанда, «086/у медкомиссиясы, жұмыс, оқу» үлгісіндегі анықтама қағаздарын сату ұсынылған. «Жас Отан қоры» корпоративтік қорының қызметкерлері жасырын сатып алушы әдісімен №7 қалалық емхананың қызметкері Б.Досымбековамен хабарласып, дәрігерлердің қолы мен мөрі қойылған медициналық анықтаманы тексеруден өтпей-ақ алған.

Тергеу нәтижесінде Б.Досымбековамен еңбек шарты бұзылып, емхананың бес қызметкері түрлі тәртіптік жазаға тартылды. 

Фото: kto-chto-gde.ru