Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып, салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара станциясында вагондар рельстен шығып кеткен.

«Тараз - Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетті. Салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашты. Жедел желі телефондары - 8(726 )51-35-75, 8(726) 41-41-67», - деп түсіндірді ведомстводан.

Галина Скрипник