Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шыққан 5 адам жоғалып кеткен

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында саңырауқұлақ теріп адасқандар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

11 сәуір сағат 17.00-ден бастап Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департментінің қызметкерлері мен орман және аң шаруашылығын қорғау мекемесінің қызметкерлері Талас ауданы Ойық ауылы маңындағы 60 шақырым жерде саңырауқұлақ теруге шыққан адамдарды жабылып іздеді.

Үш жігіт үйінен күндізгі 11 шамасында шығып кеткен.

Жоғарыда аталған іздеуші топтың көмегімен олар, яғни 1978, 1991 және 1995 жылы туған 3 азамат түнгі 23.20 да табылып, аман-есен елдімекенге жеткізілді.

Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді.

Дәл осындай жағдай дәл сол күні Мойынқұм ауданында да болған. Қылышбай ауылынан 50 шақырым жерде іздеу жұмысын жүргізген ТЖД қызметкерлері түнгі 01.35-те 1985 жылы туған 2 азаматты іздеп тапты.

Жоғалып табылған бұл 2 азамат та 11 сәуір күндізгі сағат 11 шамасында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен болып шықты.

Осыған орай, Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына белгісіз аумаққа алысқа жолға шығудан бас тарту қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар