Жамбыл облысында Шу өзенінде суға кеткен Қырғызстан азаматын іздестіруде
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында екінші тәулік бойы Қырғызстан азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Шу ауданында Шу өзенінде болжам бойынша 8 қазанда суға батып кеткен Қырғызстан азаматын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ,- деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.