19:42, 01 Тамыз 2022 | GMT +5
Жамбыл облысында сотталушы әкімшілік қызметкерлерге шабуыл жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шабуыл салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінде таңғы тексеру кезінде сотталғандардың бірі әкімшілік қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы «тұрақты» деп бағаланып отыр», - делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған сотталушы тәртіптік изоляторға оқшауланды.
«Аталған факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен қызметтік тексеру тағайындалды», - дейді ведомстводан.