Жамбыл облысында су арналары ЕҚҚДБ қарызы есебінен жөнделеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында су арналарын коммуналдықтан республикалық меншікке беру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.
«Бірінші кезеңде, 2015 -2017 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкіне қарыз алу есебінен қалпына келтірілетін 172 су арнасы республикалық меншікке беріледі, - деді ОКҚ брифингінде әкімдіктің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов.
«Екінші кезеңде, аграршыларға сурамалы суды тұрақты беру мақсатында республикалық меншікке тағы 125 арнаны беру жоспарлануда, олар бойынша жерге орналастыру жобалары және мемлекеттік актілер әзірленуде, бұл үшін облыстық бюджеттен 225 млн теңге бөлінді. Биылғы жылы Байзақ ауданында сомасы 25,3 млн теңгеге Темірбек және Кеңес арналарын жөндеуде», - деді.
Спикер соңғы екі жылда Жамбыл облысы Шу және Талас трансшекаралық өзендері арқылы суармалы су көлемін толық алады деп атап өтті.