Жамбыл облысында су басқан аймақтарды тазалау жұмыстары жалғасуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Қостөбе ауылының маңында тұрғын үйлерді су басып қалуының алдын алу үшін Талас өзенінің жағалауларын нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жамбыл облыстық ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің жетекшісі Омар Тәкеевтің сөзінше, қазіргі таңда жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ.

Осы уақытта Талас өзенінің жағалауларын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Өзеннің сағалары ағаштардың бұтақтары мен қоқсықтардан тазартылды. Жағалауды нығайтуда тастар пайдаланылуда. Ұзындығы 80 метр болатын дамба тұрғызылды. 5 су ағатын арна салынып, су қайтадан өзенге жіберілуде. Жергілікті төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері тәулік бойына кезекшілікте. Төтенше жағдай тудыруы мүмкін жағдайлардың барлығы жан-жақты зерделенуде.

Соңғы жаңалықтар