Жамбыл облысында суға ағып кеткен 27 жастағы тұрғын іздестірілуде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Шу ауданында суға ағып кеткен 27 жастағы тұрғын іздестірілуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында суға ағып кеткен 27 жастағы тұрғын іздестірілуде

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Шу ауданы, Белбасар ауылы, Тасөткел магистральды арнасына 11 тамыз күні сағат кешкі 19:00-де 1992 жылы туған азамат абайсызда суға құлап, оны ағыс алып кеткен. Қазіргі кезде аталған тұрғынды іздестіру жұмыстары басталды.

«Суға кеткен азаматты іздеу жұмыстары 12 тамыз күні сағат таңғы 06:00-ден басталды. Оған ТЖД жедел құтқару жасағының 4 адам, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылған»,- делінген ведомство мәлімдемесінде.