Жамбыл облысында суға батып кеткен баланы іздеу жүріп жатыр

ТАРАЗ. Қазақпарат -  Жамбыл облысында шомылу маусымынан бастап суға кетіп, қайтыс болған 15 факті тіркелді, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

 «Қордай ауылы маңында 16 шілдеде 16.10-нан бастап «Сол жақ саға» арнасынан 11 жастағы баланы іздеу жүріп жатыр. Ол шомылып жүріп, 15.55-те батып кеткен, - дейді ТЖД баспасөз қызметінен. - Қордай ауданы ТЖБ, Жедел құтқару жасағынан, жергілікті атқарушы орган және АІІБ-ден 13 адам 8 бірлік техника  жұмылдырылды».

Бірінші күні еш нәтиже болмады, 17 шілдеде іздеу жалғасты.

Баспасөз қызметі 1 шілдеден бастап өңірде 15 адам қаза тапқаны тіркелгенін еске салды.  Оның 9-ы балалар. Құтқарушылар бір апта бұрын Рысқұлов ауданында Юбилейный ауылы маңында жасанды су қоймасынан балық аулап жүріп  батып кеткен 49 жастағы ер адамның денесін алып шықты.  

Соңғы жаңалықтар