Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы 1961 жылы туған, үйленген, білімі жоғары, 1983 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, 1995 жылы - ҚР Қарағанды ІІМ жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Кызылордаремводстрой» тресінің инженері болып бастаған. 1988-1998 жылдары Қызылорда облысында ішкі істер органдарында қызмет атқарған.
1998-2014 жылдары Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Ақпараттық - талдау департаментінің бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңес төрағасы, 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Манғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің басшысы лауазымдарында болған.