Жамбыл облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында 28 нысан ашылды
Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, мұндай нысандардың ішінде 12 көп қабатты тұрғын үй, 7 дәрігерлік амбулатория, 4 балалар бақшасы және 5 инфрақұрылымдық нысандар (сумен жабдықтау және кәріз жүйесі) бар.
Таразда 12 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 9-ы 15-ші шағын ауданда, екеуі - «Бәйтерек» ықшам ауданында орналасқан. Бұдан бөлек, Шу қаласындағы «Жетісу» тұрғын үй алабында 75 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй салынды. Облыстық әкімдікте атап өткендей, Таразда 462 гектар аумақта барлық қажетті инфрақұрылымы бар екі жаңа шағын ауданның құрылысы жүргізіліп жатыр.
«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында мұнла 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Биыл 800 пәтерлі 10 көп қабатты тұрғын үйді, ал 2019 жылы - 1 380 пәтерлі 25 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Таразда 686 пәтер осы бағдарламаның аясында азаматтарға беріліп жатыр.
Аталып өтілгендей, осы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаты іскерлік ортаға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа 15-ші шағын ауданда «Тәуелсіздік» монументі, Неке қию сарайы, Конгресс-холл, атлетикалық және гимнастикалық манеждер, Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), спорт кешені, Мұз айдыны, Қабылдау үйі, қаржы және ірі сауда-ойын-сауық орталығы бой көтереді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірдегі ауылда мемлекет есебінен 2 медицина мекемесі, 5 - мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынды. Жамбыл облысындағы ауылдарда жалпы 95 алғашқы медициналық көмек көрсету нысанын салу жоспарда бар. Жобаны жүзеге асыру үшін 6,5 млрд теңге және 7 жыл қажет. Бірақ, Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында құрылыс мерзімі 3 жылға қысқарып, бюджет 4,2 млрд теңгеге азайды. Облыстық әкімдік 95 медициналық нысанның барлығы 2020 жылға қарай қолданысқа берілетінін уәде етті.