Жамбыл облысында тоқ соққан 15 жастағы қыз ажал құшты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Байзақ ауданының тұрғындарының жанұясында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында күндіз жеке үйде ойнап жүрген 15 жастағы қыз оқшаулағышы жоқ электр сымын ұстап қалған. Тоқ соққан ол сол жерде ажал құшты», - делінген ведомство хабарламасында.
Оқыс оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметінен.