Жамбыл облысында Ұлттық медициналық холдинг күндері өтеді

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 12 мамырда Жамбыл облсында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның күндері басталады. Оны холдингтің Басқарма төрағасы Елжан Біртанов бүгін Алматыда денсаулық сақтау саласының ХҮШ-халықаралық «KIHE-2011» көрмесінде айтты.

Жамбыл облысында Ұлттық медициналық холдинг күндері өтеді

«Ұлттық медицина холдингі барлық денсаулық сақтау департаменттерімен меморандум жасаған. Былтыр Маңғыстау мен Павлодар облыстарында «Ұлттық медициналық холдинг» күндері өткізілді. Енді ол Жамбыл облысында өз жалғасын таппақ. Онда біздің мамандар сырқаттарды озық құрал-жабдықтардың көмегімен диагностикалық тексеруден өткізіп, ауруларға түрлі операциялар жасап, жергілікті дәрігерлерге шеберлік дәрістерін ұйымдастырады», - дейді Елжан Амантайұлы. Оның айтуынша, холдинг мамандардың білмін жетілдіруге жыл сайын 180-200 миллион теңге бөледі. Биыл олар дәрігерлерді жұмыс орнынын қозғамай-ақ үздіксіз білім беру тәсілін енгізбек.