Жамбыл облысында үш бірдей жолаушылар автобусы соқтығысып қалды - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында үш бірдей жолаушылар автобусы соқтығысып қалды.
None
None

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Алматы-Ташкент жолының 365-ші шақырымында орын алған. «Мазда» шағын автобусында 4, ал «Ванхол» рейстік автобустарының әрқайсысында  30-40-тан жолаушылар болған. Апат салдарынан «Мазда» көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар