Жамбыл облысында ұсталғандардан қару-жарақ арсеналы табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында күштік құрылымдар жүргізген операция барысында ірі көлемде қару-жарақ тәркіленді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы өңір комендатурасына сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсталғандардан 14 дана Калашников автоматы, 1 дана снайперлік винтовка, 15 карабин, 8 патрон мен граната тәркіленді. Қаскөйлер бұл қару-жарақты Жамбыл облысының аумағында террористік шабуылдар мен жаппай тіртіпсіздіктер кезінде қолдануды көздеген.

Жалпы облыс бойынша 139 адам ұсталды. Олардан сондай-ақ ірі көлемде ақша табылды, соның ішінде АҚШ доллары мен қырғыз сомы бар.

Жамбыл облысының айналасына 29 блокбекет қойылды.


Соңғы жаңалықтар