Жамбыл облысында ұстаз мектепте тропикалық жемістер өсіреді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №50 әл-Фараби атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі тропикалық жемістерді гүл отырғызатын құтыларда өсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқушыларды бағбандыққа баулып жүрген білім мекемесінде жемістер өсіруге арналған арнайы сынып та бар.
None
Фото: Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

«Тропикалық жемістерді өсіру арқылы оқушыларыма барлық істі өз қолымызбен жасаудың мүмкін екендігін көрсеткім келеді. Сонымен қатар, бұл оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалана отырып, оларды еңбекке баулудың таптырмас мүмкіндігі», – дейді ағартушылық пен бағбандықты қатар алып жүрген Салтанат Қыдырбаева.

Бүгінде ұстаз оқушыларымен бірлесіп, адам ағзасына пайдалы, дәруменге бай бананнан бастап ананас, анар, лимон, мандарин мен лайм көшеттерін баптап, өсіруде. Банан ағашының өскініне 3 жыл болса, ананас ағашын өсіруді 5 жылдан бері зерттеп, түрлі әдістерін жасап көрген екен. Тек биыл ғана жеміс салатын гүлі күлтеленіп, түйін салған. Балаларды бағбандыққа баулып, ізденісімен елді сүйсіндірген Салтанат Қыдырбаева алдағы уақытта жемістерді жайқалту үшін жылыжай салуды да мақсат етіп отыр. Бұған дейін Жамбыл облысында оқушылар 100% сауықтыру, демалыс шараларымен қамтылатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар