Жамбыл облысында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жалғасуда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында тұрақтандыру шаралары ауқымында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою одан әрі жалғасуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрар Рысқұлов ауданында әкімдік пен кәсіпкерлер арасында әлеуметтік қорғау органдары мен кәсіподақ өкілдері қатысуымен бүгінге дейін 38 ауыл шаруашылығы құрылымы мен 18 шағын және орта бизнес өкілдері осындай шартқа қол қойды. «Біз бұл жұмысты қаңтардың 15-інде бастадық, - деді аудандық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Мақсот Медеров, - ауданның барлық кәсіпорындарында жағдайдың тұрақты және жұмыс режімдері бұрынғыша болуына қарамастан, оны әрі қарай жалғастырамыз».Тұрар Рысқұлов ауданында өндірісін қысқартпаумен қатар, өндірістік базасын кеңейтіп жұмыс орындарын көбейтіп отырған кәсіпорындар бар. Солардың бірі - «Луговой жылқы зауытында шошқа кешені құрылысы жүргізілуіне байланысты жұмыс орындары 150-200 адамға ұлғайды.
Соңғы жаңалықтар