Жамбыл облысында жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірілік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі Жайлыбаев Бейбітбек Шындалыұлы айтты.

Жамбыл облысында жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, «Тараз көлік жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальт-бетон зауыты өңірлік индустрияландыру картасына 2015 жылы енгізілді. Салынатын инвестиция көлемі 250,0 млн. теңгені құрап 50 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, зауыт жұмыс жасауға дайын. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша 37,0 млн. теңгеге электр қуатын тарту жоспарланды, қазіргі уақытта құжаттары мемлекеттік сараптамада. Жылына 600,0 млн. теңгенің өнімін өндіру жоспарланып отыр.