Жамбыл облысында жаңа газ тарату станциясы іске қосылмақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында газ тартылған елді мекендер саны артып келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір басшысы Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарды аралады.

Кәрім Көкірекбаев Ақыртөбе автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысымен танысты.

«Жамбыл облысында 546 елді мекен болса, соның 60%-іне газ таратылған. Қазірге тек екі ауданға газ жеткізілген жоқ», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ақыртөбе автоматтандырылған газ тарату станциясының жобалық құны - 473 399 мың теңгені құрайды. Станцияның тәуліктік қуаттылығы 35 м3/сағ. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды.

Облыс әкімі Құмарық ауылындағы «Болтай батыр шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, жылу жүйесін тексерді. Сондай-ақ өңір басшысы құны 50 млн. теңге болатын «Жастар болашағы» шаруа қожалығының мал бордақылау кешенінде болды. Бордақылау кешенінде 100 бас ірі қара мал бар және жоғары сапалы ет өндіріледі.

Бұдан басқа, аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, Құлан ауылында «Болашақ» сауда орталығында болды. Орталық 2015 жылғы желтоқсанда ашылып, қазіргі таңда 10 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев Құлан ауылындағы «Нұрхат-Нұрзат» ЖШС-нің «Мөлдір» жекеменшік балабақшасына ат басын тіреді. 100 орындық балабақшада 17 педагог жұмыс істейді.

Облыс әкімі бастаған жұмыс сапары Абай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмыс барысымен танысуға ұласты. Ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілген амбулаторияда 2 күндізгі ауру емдеу төсегі орналастырылған. Типтік ғимараттың жылу жүйесі орталықтандырылған.

Өз кезегінде шаруа қожалықтың жұмысымен танысу барысында облыс әкіміне  «Сұлутөр» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі таныстырылды. Биыл құрылған кооперативтің негізгі қызметі - сүтті өңдеу. 5 млн теңгеге сүт жинағыш, салқындатқыш танкер орнатылған. Болашақта сүт өнімдерін өндіру цехын ашу жоспарланып отыр.

Аудандық маңызы бар «Каменка-пионер лагерь» 12 шақырымдық тасжолдың құрылысымен танысқан облыс әкімі жол құрылысының халыққа қашанда маңызды екендігін атап өтіп, оң бағасын берді. Жол құрылысының жалпы сметалық құны - 188 944 мың теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар