Жамбыл облысында жол жөндеу барысында жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілуде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері аймақта жүргізілген жол жөндеу жұмыстарынан соң мердігерлерді жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіруге мәжбүрлеу мәселесі сөз болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жамбыл облысында жол жөндеу барысында жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілуде

Бүгінде өңірде жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс аумағы бойынша республикалық маңызы бар жол - 1 237 шақырым, оны қайта жаңарту үшін бюджеттен 4,9 млрд теңге қажет. 495 шақырым Батыс Еуропа - Батыс Қытай трансқұрылықтық дәлізінің құрылысы аяқталды.

Биыл ұзындығы 40 шақырым Қордай асуындағы жолдың екінші жартысының құрылысы басталды. Келісімшарт сомасы 9,3 млрд теңгені құрайды. Ақсүйек-Бурылбайтал жолын қайта жөндеу бойынша байқау рәсімдері өтуде, Меркі - Шу - Бурылбайтал республикалық маңызы бар жолды қайта жөндеу бойынша «Эксимбанкпен» несиелік келісімге қол қойылды.

Жамбыл облысының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жол жөндеу бойынша өткен мәжілісте бірнеше жылдан бері тендерді жеңіп алып келген мердігерлермен кездесті. Жергілікті атқарушы органдар мердігермен бүкіл жауапкершілікті алатындай келісімшарт жасайды. Соған қарамастан облыстың аудандарындағы 15 учаскеде жөнделген жол талаптарға сәйкес келмейді.

Корейлік беделді «КСС» компаниясы жұмыс істеген Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанында да ақаулар табылды.

Ғалымжан Әбдірайымов осы учаскелерде жұмыс істеген компаниялар оның ақауын жоюы тиіс екенін атап өтті.

«Көпшіліктерің өткен жылы нұсқама алғансыңдар, бірақ әлі күнге дейін ештеңе жасалған жоқ, - деді әкімнің орынбасары.

«Қазір кемшіліктерді жою үшін кететін нақты мерзімді айтуларыңызды сұраймын».

Мердігерлік ұйым басшылары кемшіліктерді жоюға жауын-шашын, жолды шайып кеткен ағынды су кедергі келтіргенін айтты, алайда жол компанияларының өкілдері таяу уақытта пайда болған ойықтар мен жарылған жерлерді қалпына келтіруге уәде берді.

«Бір ай ішінде жолдар қандай жағдайда екенін бақылауға шығамын», - деді сөзінің соңында Ғалымжан Әбдірайымов.

«Сондықтан біздің талабымызға түсіністікпен қарап, проблемалық учаскелерді жедел жөнге келтіруді сұраймын. Бұл жұмысты біз айтпай-ақ жасауларың қажет, себебі әңгіме компанияларыңның беделі туралы болып отыр»,-деді ол.