Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдай министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды

11 ақпанда Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тасжолының учаскесі жабылып (534-593 км), 150 жеңіл көлік пен 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы тоқтатылды.

Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

Сондай-ақ, бригада 15 адамға медициналық көмек (қысым, бас ауруы, стресс) көрсетті.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб ұйымдастырды.

Сонымен қатар, жедел желі телефондары жарияланды: 8 (7262) 513575, 514167.


Фото: t.me/qr_tjm