Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу комиссиясына министр Жасұзақовпен бірге бес вице-министр енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Жамбыл облысында қар көшкінінен әскерилердің қаза болуына байланысты құрылған арнайы комиссияның құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тергеу барысын жеке бақылауына алды. Осыған орай, үкіметтік комиссия құрылды.

"Комиссияның құрамына қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, оның орынбасары Талғат Мұxтаров, қаржы вице-министрі Татьяна Савельева, ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков кірді. Олар Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты өз жұмыстарын бастап кетті. Комиссия оқиғаның себептерін зерттеп, қайтыс болған жауынгерлердің отбасыларына тиісті көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады", - деді Жұманбай бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Ресми мәліметке сәйкес, қайтыс болған сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, ақпанның 17-сі күні Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында болған қар көшкіні кезінде әскери дайыдықтарын жүргізген әскерилер қаза тапты. 16 адам құтқарылса, 7 сарбаз қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар