Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасының аумағында тарс еткен дыбыс естілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы жарылыс болған оқ-дәрі қоймасының орнында тарс еткен дыбыс естілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасының аумағында тарс еткен дыбыс естілді

«26 тамыз күні өрттенген инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні 12:20 шамасында тарс еткен жалын орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында ешкім болмаған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр», делінген ресми түсініктеме.