Жамбыл облысындағы жарылыс: Оқиға орнынан табылған мәйіт ТЖМ қызметкерінікі екені анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерінікі екендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысындағы жарылыс: Оқиға орнынан табылған мәйіт ТЖМ қызметкерінікі екені анықталды

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі