Жамбыл облысындағы жарылыс: Өрттің бір бөлігі сөндірілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдегі өрттің бір бөлігі сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысындағы жарылыс: Өрттің бір бөлігі сөндірілді

«Жамбыл облысында әскери бөлімдегі қоймадан шыққан өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Өрттің бір бөлігі сөндірілді. Оқиға орнынан Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі ресми таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың атап өтуінше, әскери бөлімге таяу маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданған.