Жамбыл облысының әкімі бастаған бір топ делегация Жетісу жеріне келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған бір топ делегация жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Мұндағы мақсат көрші өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму саясатымен танысып, өзара тәжірбие алмасу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жамбылдықтарды әсіресе Жетісу жерінде қарқын алған қант қызылшасын өсіру, өңдеу мәселелері қызықтырды. Қонақтар тәтті түбір өсіру технологиясымен танысып, Көксу қант зауытының жұмысына көз жүгіртті. Мемлекеттік жеке меншік серіктестік негізінде Алматы облысы биыл екінші қант зауытын іске қоспақ. Биыл өңір шаруалары 9 мың гектар жерге қант қызылшасын егіп, 300 мың тонна өнім алуды көздеп отыр. Екі облыс басшысы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да салаларды  жүзеге асыру үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар