Жамбыл облысының әкімі соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс күні Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым ету, қолда бар асылдарды ардақтау, Жамбыл облысында қалыптасқан игі дәстүр. Осыған қарай облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев соғыс ардагері Бердалы Қарымсақов қарияны Ұлы Жеңіс күнімен арнайы құттықтап барып, сый-сияпат көрсетті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None


Бүгінде тоқсаннан асып отырған ардагер кезінде Жуков басшылық еткен дивизияның құрамында болып, атқыш-автоматшы ретінде Ленинград, Киев, Сталинград қалаларын қорғауға қатысып, майдан жолдарымен Берлинге дейін жеткен. 1-ші және 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің, «Германияны жеңгені үшін», «Қарулы Күштер», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс», «Маршал Жуков» сияқты медальдармен марапатталған.

Майдангер өзін құттықтай келген аймақ басшысына алғысын білдіріп, өзінің ақ батасын берді. Сондай-ақ, өңірдің өркендеуіне, қарыштап дамуы жолында жасап жатқан еңбегіне көңілі толатындығын жеткізді.

Өңір басшысы ардагерге Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі, бейбіт өмірдегі жанкешті еңбегі үшін алғыс айтып, оған мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеп, ақсақалға құнды сыйлықтар табыстады.

Соңғы жаңалықтар