Жамбыл облысының ауыл тұрғындары дағдарысты сезінбейді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев өзінің Жамбыл облысы бойынша жасаған жұмыс сапарында облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті,

Жамбыл облысының ауыл тұрғындары дағдарысты сезінбейді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қ.Саудабаев болған шаруашылықтардың бірі ? «Әубәкір Халилов» шаруа қожалығы. Шаруашылық 1999 жылдан бері алма бағын өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта мұнда екі бағбан алты гектар жерге отырғызылған көшеттерді күтіп-баптаумен айналысады, бес заманауи техника бар, алманың «Голден-делишес» сұрпының түсімі гектарына орташа 200 центнерді құрайды.«Жамбыл облысының ауыл тұрғындары дағдарысты аса сезінбейді. Дағдарыс жөнінде біздер тек теледидардан көреміз және радиодан ғана естиміз, ? деді Қ.Саудабаевпен болған сұхбатта осы шаруа қожалығының жетекшісі Әубәкір Халилов. ? Жұмысымыз бар. Балаларымыз жақсы орта мектепте білім алуда. Біз ертеңгі күнге сеніммен қараймыз».