Жамбыл облысының ауылдарында шөп қоралардың өртенуі жиілеп кетті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ.  Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -  Тамыз  айынан бері Жамбыл облысында  25 шөп  қора  өртенді,   деп   хабарлады   Төтенше жағдайлар  министрлігінің Жамбыл   облысы  бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысының ауылдарында шөп қоралардың   өртенуі  жиілеп кетті

Атап айтқанда,  Меркі ауданындағы Жаңатоған  ауылында  жеке  үйлердің бірінің     аумағындағы      шөп қора  өртеніп,   800   десте  пішен   күл  болып кетті.    Өртке  электр жабдықтарын  қолдану кезінде  өрт  қауіпсіздігі    ережелерінің  бұзылуы  себеп болған.

Ал Қордай ауданындағы Бетқайнар  ауылында    шөп қора өртеніп,  2 мың  десте  пішен   жанып кетті.    Оқиғаның себебі анықталуда.

Ал   балалардың  ойыны    Жуалы ауданының  Қарасаз ауылындағы  шөп қораның  өртенуіне  себеп болды.  Бұл оқиғаның салдарынан   мал қора    және 350 десте   пішен   өртеніп кетті.  Өртке    6 жасар бала   кінәлі  болған.