Жамбыл облысының бес ауылында мүлдем байланыс жоқ
Байланыссыз отырған ауылдардың қатарында Сарысу ауданының Арыстанды, Шығанақ, Жайлаукөл, Қамқалы ауылдары және Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылы бар.
Жамбыл облыстық цифрлық технологиялар басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, өңірдегі 150 елді мекенде 4G бар. Ал мүлдем байланыссыз отырған 5 ауылға алдағы уақытта «Кселл» мобильді интернеті орнатылмақ.
Айта кетейік, бұған дейін біз биыл Қазақстанда 5G интернет желісін тарату ауқымы кеңейеді деп жазған болатынбыз
Еске салсақ, 2022 жылы желтоқсанда Қазақстанда 5G жиіліктерін тарату бойынша аукцион өтті. Бірінші тендерде жиілік 62,6 млрд теңгеге, екіншісінде 93,4 млрд теңгеге сатылды.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 5G енгізуді 2027 жылға дейін аяқтауды тапсырды.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының еншілес компаниялары 2027 жылға дейін еліміз бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салуға тиіс.
Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі.