10:20, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбыл облысының немістері Қазақстанның Германиядағы жылына дайындалуда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Техникалық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамының қаржылай қолдауымен Жамбыл облыстық немістер қоғамы өткізіп отырған неміс тілінің курстары барлық ұлт өкілдерін жинап отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Неміс қоғамы жанынан ашылған бұл курстардың көптеген түлектері қазір Германияның жоғары оқу орындарында «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша білім алуда. «Қазіргі заманда бір ғана тілді білу жеткіліксіз. Қазір мемлекеттік тілді де, жалпыұлттық қарым-қатынас тілін де, және шет тілдерін де білу керек. Міне сондықтан да Елбасы өз жолдауларында Қазақстан жастарын осыған мақсаттайды. Біздің елімізде тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді де, облыста тұратын халықтардың тілдерін де үйренуге барлық жағдай жасалған. Облыстық неміс қоғамының жанында неміс тілінің курсы жақсы ұйымдастырылған, мен тілді үйренуге талпынудамын. Менің мақсатым - келешекте «Болашақ» стипендиаты атанып, жақсы білім алу. Неміс тілі маған келешекте өте керек деп санаймын», дейді неміс тілі курсының тыңдаушысы Дәулет Егембердиев. Ал Жамбыл облысы немістер қоғамының президенті Елизавета Шефердің айтуынша, Германия мен Қазақстанның мемлекет басшыларының келісімі бойынша 2009 жыл ? Қазақстанның Германиядағы, ал 2010 ? Германияның Қазақстандағы жылы деп жарияланып отыр. «Осыған байланысты, ағымдағы жыл біздің бірлестік үшін ерекше, қызықты қоғамдық және мәдени шараларға толы жыл болғалы тұр. Ұлы неміс композиторларына арналған классикалық музыка кештері өткізіледі, неміс жазушылары мен ақындарының туындылары бойынша оқушылар конференциялары өтеді, конкурстар мен танымдық викториналар, неміс халқының ұлттық мерекелері, Этнос және мәдениет күні ұйымдастырылады»,- дейді Е.Шефер.