Жамбыл облысының Сарысу ауданында 60 000 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды.

Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды.

Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған.

Осыған байланысты, Департаменттің Жамбыл облысы әкіміне ағымдағы жылғы 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде ағымдағы жылдың 19 тамызында Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды.

Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн. теңгені құрайды.


Соңғы жаңалықтар
telegram