Жамбыл облысының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіленді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Жамбыл облысы Шу стансысының вокзалында 2 келіден астам гашишпен осы ауданның 22 жасар тұрғыны ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шу стансысы Желілік ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қолға түсірген күдікті бұл есірткі затын өткен жылдың қыркүйек айында Шу алқабынан жинап алғанын айтқан. Ол есірткіні өзі жұмыс істейтін Алматы қаласына алып кетпек болған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар